Кержаков қызметінен кетуі мүмкін

03.09.2024, 10:30

«Қайраттың» бас бапкері Александр Кержаков қызметінен кетуді ұйғарыпты. 

Кержаков қызметінен кетуі мүмкін
Александр Кержаков "Қайраттың" жаттығуында

Бұл туралы белгілі журналист Иван Карпов мәлімдеген болатын. «Кержаков бас бапкерліктен кету жөнінде өтініш жазды: «Қайрат» не істеу керектігін ойластыруда» - делінген Карпов өзінің телеграм-арнасында. ҚПЛ-дің өткен турында алматылық ұжым өз алаңында «Астанамен» ойнап, есе жіберген (0:1). Ресейлік маманның аяқ-асты шешіміне осы сәтсіздік себеп болған көрінеді. 

Айта кетейік, «Қайрат» дәл қазір ішкі біріншілікте көш бастап тұр. Кержаков жаттықтыратын алматылық клуб қоржынында 32 ұпай бар. Ресейлік бапкер алматылық команданы мамырдың аяғында тізгіндеген еді. Осы аралықта Кержаковтың клубы ҚПЛ аясында 9 матч өткізіп, 5 рет жеңіске жетті. Сондай-ақ, 2 кездесуде қарсыластарымен ұпай бөлісіп, тағы екі бәсекеде жеңіліс тапты.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×