Кержаков Ресей ұлттық құрамасының үздік сұрмергені атанды

07.09.2014, 03:47
Кержаков Ресей ұлттық құрамасының үздік сұрмергені атанды
"Зениттің" шабуылшысы Александр Кержаков Ресей ұлттық құрамасының үздік сұрмергені атанды. Әзербайжанға(3:0) қарсы жолдастық кездесуде қос гол соққан Кержаков 28 голмен Ресей құрамасындағы снайперлер тізімін бастады. 28 голды соғу үшін Кержаков құрама сапында 85 матч өткізген екен. Кержаков гол соққан құрамалар: Лихтенштейн (3), Андорра (3), Люксембург (3), Әзербайжан (2), Финляндия (2), Эстония (2), Ирландия (2), Израиль (2), Македония (2), Швеция (1), Албания (1), Уругвай (1), Италия (1), Португалия (1), Словакия (1), Оңтүстік Корея (1). Дайындаған: Нұрахмет Ерден.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×