Дембеленің еркелігі көп дейді.
Осман Дембеле команда үшін мәселе болды. Ол келіссөздер жүргізу үшін науқас әжесін сылтау етіп, жаттығуға қатыспаған. Жалға алынған үйді қиратып, режимді сақтамады. Онымен қоймай, жаттықтырушылармен ұрысып-керіскені тағы бар. Ең сорақысы келесі күні командадан бөлек жолға шығып кеткен.
Бұл футболшы аяққа кірген тікен секілді. Бұл жағдай "Реннде" басталған екен. Ол жаттығудан әжесінің ауырып жатқанын сылтау етіп, ал өзі «Боруссиямен» келіссөздер жүргізуге кеткен көрінеді. «Дортмундтан» бұдан да нашар әрекетінен кейін кетіп қалған еді. Ол командалық кешкі асты елемей, ешкіммен қоштаспай қайтып кетіпті. Ал жалға алған үйін қоқысқа айналдырды. Лас заттардың үйіндісі, қабырғадағы дақтар, шіріген азық-түлік. Бұл бергі жағы, ол тіпті төлемдерді төлемей, кілттерді қайтармаған. Ал, «Барселонада» жағдай тіпті көңілдірек.
Ол түні бойы онлайн ойындар ойнап, фаст-фуд секілді аспен тамақтанып, күндізгі жаттығуларға келмейтін. Дұрыс режим сақтамағандықтан әлсіреп жүретін. Бұл оғаш қылықтарымен қоймай Хавимен, басшылықпен және жанкүйерлермен жиі қақтығысып қалатын. Келісімшартты ұзартқысы келмеді, «ғарыштық» деңгейдегі ақшаны талап еткенін айтсаңызшы. «ПСЖ» ұжымында Дембеле Энрикемен ұзақ уақыт тіл табыса алмай жүрді. Осман киім ауыстыратын бөлмеде жаттықтырушымен ұрысып қалғаннан кейін, Луис оны шеттетіп , «Арсеналға» қарсы ойында тізімге қоспады. Мінезі мен тәртібі қиын Дембеленің қазіргі күйі осы, ағайын!
Біздің серіктес: FONBET