Белгілі бапкер Асқар Қожабергенов «Қайрат» - Слован» арасындағы ойын жайлы пікірімен бөлісіп, ҚПЛ чемпионының ендігі мүмкіндігін бағалады.
Кеше алматылық клуб ЧЛ 2025/26-маусымының 3-іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуінде словакиялық команданы 1:0 есебімен жеңіп, қарымта матч алдында басымдыққа ие болған еді.
«Бұған дейін «Слован» фаворит саналса, кешегі матчтан кейін бұл жұпта айқын фаворит жоқ. Сырт алаңдағы ойын әрине, қиын болады. Бірақ, бәрібір меніңше ендігі мүмкіндік 50 де 50 пайыз. «Қайраттың» жетістігіне бәріміз сенеміз. Кешегі сәтсіздіктен соң «Слован» мүлде басқа жоспар ұстанады. Оның үстіне скамейкада Вайсс болмайды дегендей. Алматылықтарға оның да бір көмегі болып қалатын шығар, себебі телефонмен айтып отыру ол бір бөлек, алаң жиегінен тұрып команданы басқару мүлде бөлек», - деді А. Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.
Командалар арасындағы жауап ойын 13-тамызда Братислава қаласында өтеді.