Кевин Де Брёйне Қазақстанға қарсы ойынға дейін жарақатынан айыға ма?

29.10.2025, 22:48

Бүгін Бельгия ұлттық құрамасы мен «Наполидің» көшбасшы ойыншысы Кевин Де Брёйненің қашан жасыл алаңға оралатыны белгілі болды.

Кевин Де Брёйне Қазақстанға қарсы ойынға дейін жарақатынан айыға ма?

Бельгиялық футболшы Серия А-ның 8-турындағы «Интерге» қарсы матчта жарақат алған еді. Кейіннен «Наполидің» ресми сайты хабарлағандай, ойыншының оң аяғына Антверпенде ота жасалды. Операция сәтті өтіп, қазір ол оңалту кезеңін бастайды.

Алдын ала мәлімет бойынша, футболшы тек ақпан айында ғана жасыл алаңға шыға алады.

Де Брёйне осы маусымда италиялық клуб сапында барлық турнирлерде 11 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×