Кевин Де Брюйне «Манчестер Ситимен» қош айтысты

04.04.2025, 19:50

Бельгиялық танымал футболшы Кевин Де Брюйне маусым аяқталған соң «Манчестер Сити» клубынан кететінін мәлімдеді.

Кевин Де Брюйне «Манчестер Ситимен» қош айтысты
Кевин Де Брюйне

Мұндай пікірін ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын. 

«Кез келген оқиғаның аяғы бар. Бірақ бұл ең үздік тарау екені рас», - деп жазды футболшы.

Бұған дейін де футболшы маусым соңында кететіні туралы айтылып жүрді. Себебі, жазда бельгиялықтың «қалалықтармен» келісімшарты аяқталады. Осы орайда оған АҚШ, Сауд Арабиясы клубтарынан қызығушылық жоғары. 

Айта кетейік, Кевин де Брюйне «Манчестер Сити» сапында 2015-жылдан бері өнер көрсетеді. Осы аралықта ол Пеп Гвардиола командасының шабуылдағы нағыз дирижеріне айнала білді. Клубпен бірге АПЛ чемпиондығынан бастап Чемпиондар лигасының кубогына дейін жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×