Кевин Де Брюйне "Ман Сити" Чемпиондар лигасынан шеттетілсе, 3 млн, еуродан айырылады

22.02.2020, 22:33
Кевин Де Брюйне "Ман Сити" Чемпиондар лигасынан шеттетілсе, 3 млн, еуродан айырылады

Бельгияның Het Laatste Nieuws басылымы "Манчестер Сити" жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйненің келісім-шартына қатысты қызық мәліметпен бөлісті. Ол бойынша Кевин Сити жейдесінде Чемпиондар лигасында алаңға шыққаны үшін жылына қосымша 1,5 миллион еуро алады екен. Егер ағылшын клубы алдағы 2 жыл еуро бәсекелерден шеттетілсе, бельгиялық 3 миллионнан қағылайын деп тұр.

Сонымен қатар, ұжымдағы көптеген футболшы қомақты сыйақыдан айырылайын деп тұр. Өйткені, әр қайсысының еңбек шартында жоғарыда аталған тармақ бар көрінеді. Ал бұл өз кезегінде кейбір ойыншының өзге клубқа ауысуына алып келуі ғажап емес.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×