Кевин де Брюйненің әкесі: «Ұлымның балалық арманы орындалғанына қуаныштымын»

25.12.2019, 22:05
Кевин де Брюйненің әкесі: «Ұлымның балалық арманы орындалғанына қуаныштымын»

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйненің әкесі talkSport порталына берген сұхбатында ұлының қазіргі жағдайы мен болашағына қатысты ойын айтты.
Кевинге қазір өзі өнер көрсетіп жүрген клуб та, тұрып жатқан жері де ұнайды. Ұлың бала кездегі арманын орындап жатса одан артық қуаныш жоқ шығар. Ол АПЛ-да доп теуіп, чемпион болуды қатты қалады. Кевин алаңда өз командасының көшбасшысы, ал алаң сыртында қарапайым. Ертеректе мен ұлымның кәсіби деңгейде ойнайтынына қатты сенетінмін. Дегенмен дәл осындай жоғары жетістіктерге жетеді деп ойламаппын. Бірақ бұл көрсеткіштің өзі Кевинге аздық етеді. Себебі, ол карьерасын аяқтағанда барынша жоғары нәтиже көрсетуге тырысады»,-дейді футболшының әкесі.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×