Кезекті кубогты кім алмақ?

19.11.2016, 04:25
Кезекті кубогты кім алмақ?
2016 жылдың қараша айының 19 жұлдызында өтетін «Қайрат» және «Астана» матчы. Бұл екі команда бір-бірінің ойнау үлгісін, айла-тәсілдерін өте жақсы меңгерген. Сондықтан, әр қадамдары ойланып басылатыны анық. Футболдан Қазақстан кубогы биыл 25-ші рет өткелі тұр. Осыған дейін болып келе жатқан Қазақстан кубогында, Алматылық «Қайрат» жеті мәрте жеңіске жеткен екен. Осы нәтижемен көш бастап тұр. Ал, «Астана» болса, екі кубогты қанжығасына байлап, «Астана-1964» тен кейін үшінші орынға орналасқан. Жалпы финал осыған дейін «Астана-Аренада» болатын еді. Осы жылы Алматыда алғаш рет болғалы тұр. Бұл «Астанаға» сәлде болсын кедергі болатыны анық. Оның үстіне «Астананы» одан кейін Еуропа лигасында Кипрлік «Апоэл» клубы күтіп тұр. Жалпы биылғы маусымда «Астана», «Қайратқа» қарсы осал ойын өткізіп жүр. Екі команда биылғы жылы бес мәрте кездесу өткізіп, оның төртеуінде «Қайрат» басым болған. Алматының стадионынан «Астана» көбінесе жеңіліс дәмін татып қайтатын. «Қайраттың» ойыншылары қарсыласына қарағанда әрине тың. Сол себепті де, «Қайраттың» басымы жоғары болып тұр. Былытрғы жылы дәл осы кубогтың финалында «Қайратқа» жеңіс сыйлаған Джордже Деспотович қазіргі таңда «Астананың» намысын қорғап жүр. Бұл ойыншы әр матчта гол соғуды әдетке айналдырған секілді. «Қайраттың» қақпасының торын тулатуы әбден ықтимал. Ал, «Қайрат» сапында гол соғатын Гоу бар. Жалпы екі команда да, «Сен тұр, мен атайын» деген жігіттердің қарасы мол. Бауыржан Исламхан, Аршавин тәрізді тәжірибелі ойыншылар «Астананың» қорғанысының қауіпі. Дегенмен, «Астана» қорғаушылары оңай беріле салмас. «Астана-Аренада» 1-4 есебімен ойсырай ұтылған «Астана» әлі де есесін қайтарған жоқ. Бәлкім бұл есені осы матчқа сақтап жүрген болар. Баян Қабден
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×