Кезекті ойыншы “Ұлытау” сапынан кетті

“Ұлытау” командасының қорғаушысы Рафкат Аслан мансабын басқа ұжымда жалғастырмақ.

Кезекті ойыншы “Ұлытау” сапынан кетті

31 жастағы ойыншы “Ұлытау” клубына 2024 жылы келіп қосылған болатын. Содан бері ол команда сапында 25 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атанды.

Рафкат өз мансабында “Жетісу”, “Тобыл”, “Ертіс”, “Ақтөбе”, “Атырау”, “Каспий” және “Бәйтерек” клубтарында өнер көрсеткен. 

2019 жылдың ақпан айында Аслан ел құрамасындағы алғашқы және соңғы кездесуін өткізді. Бірақ оған дейін Қазақстан U-21 командасына шақыртылып тұрды.

Еске салсақ, Нүркен Мәзбаев баптайтын командадан жазғы трансферлік ауысымда екінші ойыншы кетіп жатыр. Осыдан 5 күн бұрын баспасөз-қызметі шабуылшы Николай Солодовниковтың кеткенін хабарлап еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×