Қазақстан футбол федерациясы беттинг серіктес іздейді.
Футбол құрылымы өзіне қарасты негізгі бәсекелерге басты демеушіні анықтау мақсатында бәссауда жариялап, оның талаптарын тәптіштеп көрсетті.
Ресми беттинг серіктес – ОЮЛ «Ассоциация» Қазақстан Футбол Федерациясы
Кімнен:
"E-SAUDA" ЖШС-гі
Сатушы ОЮЛ «Ассоциация» Қазақстан Футбол Федерациясы
Серіктестік пакеті брендке Қазақстан футболының басты деген жарыстарына жол ашады – Ұлттық құрамадан бастап, Аймақ лигаларына дейін. Қамту аумағына: Ұлттық құрама, Қазақстан Премьер-лигасы, Бірінші және Екінші лига, Әйелдер лигасы, Жағажай футболы, сондай-ақ, Қазақстан Кубогі мен Суперкубогі де кіреді. Пакет бренд үшін отандық футболдың барлық экожүйесіне дендеп енетіндей мүмкіндік береді – стадион, трансляцияларда, медиаорта мен digital-арналарда.
1. Брендинг.
Серіктес логотиптері ареналарда, LED-борттарда, футболшылардың жейдесінде, құрама автобусы мен пресс-воллдарда ілінеді. Бейнероликтердің таблода көрсетілуі (3х15 сек) аудиториямен тікелей байланыс орнатып, брендтің кең танылуына жол ашады.
2. PR мен Digital-мүмкіндіктер
Брендтік жарыстардың ақпараттық кеңістігіне енуі: баспасөз-баяндарында аты аталуы, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар, BTL-белсенділіктерін өткізу, футболшылардың бейнелерін пайдалану, марапаттау рәсімдеріне қатысу, арнайы жобалар мен интерактивтерді жүзеге асыру. Бұл бренд пен жанкүйерлер арасында берік байланыс қалыптастырады.
3. Трансляцияларға қатысу.
Эфирдегі ойындарға интеграциялау: анимиленген плашкалар, роликтер, гол мен ойыншы алмастыруда шығатын графикадағы логотиптер, комментаторларды атау. Серіктес трансляция сигналын алып, жеке медиаконтент қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады.
Пакеттің алғашқы құны – жылына 3 200000000 теңге, келісімшарт 3 жылға жасалады.
Жүзеге асыру түрі:
әдіс
Ағылшынша
Қатысуға өтінім беру уақытының аяқталатын мерзімі:
11.12.2025 10:00
Сауда басталатын мерзім:
12.12.2025 10:00
Сауданың аяқталатын мерзімі:
12.12.2025 18:00
Кепілдік жарнасының сомасы, теңге: 0тг
Бәссауда қадамы, теңге: 100 000 000 тг
Төлем Реквизиттері: ИИК: KZ08722S000003152198, Банк: АО «KaspiBank» , БИК: CASPKZKA, КБЕ: 17
Ауыртпалықтың болуы: ЖОҚ
Бәссаудада осылайша Қазақстан футболының басты демеушісі болуға тілек білдіргендер білуге тиістінің барлығы тайға таңба басқандай көрсетілген.