
Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамалары арасында өтетін жолдастық матч туралы айтты.
"Биылғы жылды Өзбекстан құрамасына қарсы жолдастық матчпен аяқтаймыз. Бұл ойын күздің соңында өтеді. Екі жақтың келісімі бар. Матчты Түркістан қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз, бірақ Шымкенттегі орталық стадионда өтуі де мүмкін. Ол жерде қазір жақсы газон бар, электронды табло да орнатылды. — деді Құрман «Спорт Пульс» YouTube арнасына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары бұған дейін 2022 жылдың қарашасында Ташкентте кездескен болатын. Ол ойында өзбекстандықтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET