Аты аңызға айналған Италиялық төреші Pierluigi Collina
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстандық төрешілерге қатысты шешімді өзгертіп, Қазақстан Кубогының финалдық ойынын шетелдік қазылар алқасы жүргізуі мүмкін.
Футбол шолушысы Елдар Аманбаевтың мәліметінше, ҚФФ қазір Италиядан төрешілер бригадасын шақыру жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. "Финалды Еуропадан келген бригада өткізеді. Менің дерегім бойынша, қазір Италиялық төрешілермен келіссөздер қызу жүріп жатыр.” – деп жазды ол Telegram арнасында.
Қазақстан Кубогының шешуші матчы “Тобыл” және “Ордабасы” командаларының арасында 4 қазанда Қызылордадағы су жаңа "Қайсар Арена” стадионында өтеді.