"Ақтөбе" маусым шымылдығын өз қаласында аша алмайтын болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау департаменті клубтың қосалқы алаңына қатысты соңғы шешімін шығарды.
Көптеген жылдар бойы ерте көктемдегі матчтарды қабылдап келген Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектебінің стадионы енді талаптарға сай емес. Инспекция тексерісінен кейін мынадай кемшіліктер анықталды:
– Көгалдың сапасыздығы
– Инфрақұрылымның төмен деңгейі
Осыған байланысты, бұл стадионда ҚПЛ-2026 ойындарын өткізуге ресми түрде тыйым салынды.
Орталық стадионның табиғи көгалы дайын болғанша, “Қызыл-Ақтарға" уақытша үй іздеуге тура келеді. Дереккөздердің мәліметінше, қазіргі таңда негізгі екі нұсқа қарастырылуда. Дегенмен, таңдау үлкен ықтималдықпен "Түркістан Аренаға” түсуі мүмкін.