
Естеріңізде болса, наурыздың соңында бас прокуратура Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаған болатын.
Сөйтіп, жуырда Мәжілісте қаржылық мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов осы істің нүктесін қойып, нәтижесін баяндады.
Белгілі болғандай, осы қылмыстық іске қатысты федерация басшылығы 2 млрд теңгені бюджетке қайтарған. Алайда, сол кезеңде федерацияны басқарған Әділет Бәрменқұловқа қатысты ешқандай шара қолданбағаны мәлім болды.
«Ол күдікті деп танылмаған, оған қатысты айып тағылған жоқ», - деп қысқа қайырды Жеңіс Елемесов.
Айта кетейік, 4-наурызда ҚФФ-ның бұрынғы басшылығы тергеуге алынып, Әділет Бәрменқұловқа қатысты тергеу жұмыстарының басталғаны туралы ақпарат тарады.
Бірақ отандық менеджер «Заң бұзушылықтарды менің атыммен байланыстыру негізсіз» деп мәлімдеме жасап, айыптың барлығын жоққа шығарды.
Біздің серіктес: FONBET