ҚФФ Президенті: барлығы өз қалпына келеді, сенімдімін

14.10.2024, 15:20

Қазақстан Футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов «Vseprosport.ru» сайтына Қазақстан құрамасының Ұлттар Лигасындағы нәтижелері мен мақсаттары туралы сұқбат берді.

ҚФФ Президенті: барлығы өз қалпына келеді, сенімдімін
Станислав Черчесов

«Ұлттар Лигасындағы тапсырмаларымыз басқа дегенді осыған дейін де айтқам. Дәл қазіргі таңда біз ұлттық команданы шыңдаумен айналысып жатырмыз.  Дайындығы өте жақсы жүруде. Словениямен ойында қандай ілгерілеу болғанын байқадыңыздар. Мүлде басқа матч, жігіттердің өздері де мұны сезінді. Уақыт керек, команда осының барлығынан өтуі тиіс. Біздегі философияның сұлбасы көрініп қалды. Словениямен кездесуде бұл стильдің өзіміздікі екеніне көз жеткіздік. Сондықтан, ойыннан кейін команда мен Станислав Саламұлын құттықтап шықтым. Мінез, рух, тұтастық бар, ең бастысы осы.  Бұл нәтижелерді Черчесов қалай қабылдайды? Әрине, мазасыз күйде. Жеңілу кімге ұнасын? Өмір мектебінен өткен, бұл сынақты да қалай еңсеруді біледі. Барлығы өз қалпына келеді, сенімдімін. Ештеңе де бірден шешіліп кетпейді», - деді ҚФФ басшысы. 

Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының төрт турынан кейін 3 жеңіліс пен бір тең ойынмен топтағы соңғы орынға тұрақтады. Кеше Станислав Черчесов командасы Словениямен ойнап, ұтылды (0:1). Енді ұлттық команда 14-қарашада Аустрияны қабылдап, соңғы турда сырт алаңда Норвегиямен шеберлік байқасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×