ҚФФ Президенті: Бұл жерде ешқандай трагедия болған жоқ

10.09.2024, 17:14

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов Словениядағы матчтан кейін бас бапкер Станислав Черчесовке қолдау білдірді.

ҚФФ Президенті: Бұл жерде ешқандай трагедия болған жоқ
Әділет Бәрменқұлов

Қазақстанның нөмірі бірінші футбол менеджері ресейлік маманның болашақта мықты құрама жасақтайтынына сенім білдірді.   

«Станислав Саламұлы словениялықтармен болған матчтан кейін әлі ештеңе айтпады, алайда, мен Федерация президенті ретінде ешқандай трагедияның болмағанын айта аламын. Черчесов екеуміздің шынайы жағдайды көре алғанымызға тіпті қуаныштымын да, енді біздің салыстыру жасайтын мүмкіндігіміз бар. Станислав Саламұлы үшін енді қалай әрекет етіп, қандай шешім қабылдау керектігі анық бола түсті. Словениялықтармен бізге физика жетпеді және бұл жердегі мәселе жолдың қашықтығында да емес, жекелеген ойыншының дайындығында деуге болады. Пайдалы дүние орын алды әрі болашақтағы міндетіміз мынадай – ұлттық құрама Черчесовтің кезінде құрылады. Бұл жерде ешқандай да трагедия болған жоқ», - деді ҚФФ президенті.    

Айта кетейік, кеше түнде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словениямен жолығып, жауапсыз 3 доп жіберді. Бұл қазақстандық команданың Ұлттар Лигасының аясындағы екінші кездесуі болатын. Топтағы бірінші бәсекеде Станислав Черчесовтің шәкірттері Норвегиямен тең тарқасқан (0:0). Қазір біздің команда бір ұпаймен өз тобындағы соңғы орында тұр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×