ҚФФ Президенті: Ең кемінде В Лигасындағы орнымызды сақтап қалу керек деген тапсырма қойып отырмын

18.09.2024, 14:01

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов ұлттық құраманың Ұлттар Лигасындағы басты міндеті туралы айтты.

ҚФФ Президенті: Ең кемінде В Лигасындағы орнымызды сақтап қалу керек деген тапсырма қойып отырмын
Әділет Бәрменқұлов

Сондай-ақ, отандық басты менеджер «Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында Станислав Черчесовке артылған жүк турасына жа тоқталды.

 «Қазақстан Англия мен Түркиядай командалар ойнайтын В Лигасы сияқты деңгейге алғаш рет көтеріліп отыр. Мен осындай нәтижемен мақтанамын. Олар Еуро-2024-те қалай өнер көрсетті! Ал осы деңгейде қалу үшін мүлде басқаша көзқарас керек. Мен спортшы секілді ойлаймын. Қолда бар дүниемен ұлттық құраманы жасақтайсың. Біз деңгейді көтеріп, дамудың белгілі бір бағытын сыздық. Мұның барлығы болашаққа, балаларға, жастар үшін жасалып жатқан шаруалар. Дәрежені көтеріп тастадық. Енді кішкене жеңіл болады. Басты мақсат - U‑15-тен бастап ұлттық құрамаға дейін дайындық жүйесін құру. Енді бұған құраманың бас бапкері жауапты болады. Иә, біз өз деңгейімізді лайықты түрде бағалаймыз. Мен ең кемінде В Лигасындағы орнымызды сақтап қалу керек деген тапсырма қойып отырмын. Алайда, неге А Лигасын армандамасқа?», - деді Әділет Назарбайұлы өз сұхбатында.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттар Лигасының аясында екі матч өткізіп, 1 ұпай алды. Станислав Черчесов жаттықтыратын қазақстандық футболшылар Норвегиямен тең түсіп (0:0), сырт алаңда Словениядан ұтылды (3:0). Енді біздің жігіттер келесі кездсуін 10-қазанда Аустриямен өткізеді.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×