ҚФФ президенті: Қазақстан футболының әлеуеті зор – халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге жете аламыз

25.04.2025, 17:12

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров УЕФА президенті Александр Чеферинмен болған кездесуден кейін осындай мәлімдеме жасаған болатын.   

ҚФФ президенті: Қазақстан футболының әлеуеті зор – халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге жете аламыз

“Бүгін – ел футболы үшін ерекше күн. Қазақстанға ресми сапармен УЕФА президенті Александер Чеферин мырза келіп отыр. Бұл маңызды сапар – еліміздің халықаралық жан-жақты байланыстарының тереңдей түскенінің тағы бір нақты да жарқын көрінісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев УЕФА президентін қабылдап, отандық футболдың қазіргі жағдайы мен болашағына қатысты бірқатар түйінді мәселені талқылады. Қазақстан футбол федерациясы тарапынан қазақ футболын дамытуға байланысты ұсыныстарымызды жеткіздік. Олар негізінен еліміздегі футбол инфрақұрылымын жетілдіру, бұқаралық футболды қолдау және балалар футболын дамыту бағыттарын қамтыды. Қазақстан футболының әлеуеті зор. Бірлесе жұмыс істеп, халықаралық деңгейде жоғары нәтижелерге жете аламыз деп бек сенемін, – деді ҚФФ президенті.

Айта кетейік, бүгін Александр Чеферин сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды. Мемлекет басшысы ресми өкілмен емен-жарқын әңгімелесіп, Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×