ҚФФ президенті: Әли Әлиевтің құраманы жасартқанын жоққа шығара алмаймын

08.09.2025, 10:40

ҚФФ президенті Марат Омаров ұлттық құраманың бас бапкерінің отставкаға кетуі жайлы пікіріне жауап берді.

ҚФФ президенті: Әли Әлиевтің құраманы жасартқанын жоққа шығара алмаймын

— Жалпы ол команданың жасарту жайлы тапсырманы орындады. Оның жоққа шығара алмаймын. Қазір ойыншылардың орташа жас шамасы 25-26 жасты құрайды. Бірақ нәтижелер көңілден шықпай отыр. Сондықтан елге келген соң, кадрлық шешімдер қабылданады. Шешімді мен қабылдаймын. Келгеннен кейін сөйлесеміз, — деді Марат Омаров BAQ.kz сайтына берген пікірінде.

Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Бельгиядан 0:6 есебімен ойсырай ұтылғаннан кейін, өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеген еді.

Алиевтің жетекшілігімен Қазақстан бес матч өткізіп, небәрі үш ұпай жинады. Құрама Бельгияға (0:6), Уэльске (1:3, 0:1) және Солтүстік Македонияға (0:1) жол беріп, Лихтенштейнге қарсы ойында ғана жеңіске (2:0) жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 4
Күлкілі 1
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×