ҚФФ президенті Максим Самородов жайлы: Ол бар білгенін көрсете алған жоқ

12.09.2024, 11:16

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов Максим Самородовтың жарақаты мен ұлттық құрамадағы өнері туралы пікірін айтты. 

ҚФФ президенті Максим Самородов жайлы: Ол бар білгенін көрсете алған жоқ
Максим Самородов

"Бұл біздің тарапымыздан жасалған ұсыныс болатын, грозныйлық клубқа Самородовты Қазақстанға шақырып, құрама қатарында сауықтырып алу туралы өтініш білдірген болатынбыз. Ұлттық құраманың бапкерлік штабы Максимді  "Ахматтан" чемпионат ойындары жүріп жатқан кезде алдыртып алған. Дәрігерлеріміз оған Ұлттар Лигасындағы екі кездесуге қатысатындай жағдай жасап берді. Самородов жарақатынан айығып алаңға шықты, алайда, бар білгенін көрсете алған жоқ. Ал қазір футболшыға ойын тәжірибесі керек, ол Ресейге қайтып барған соң "Ахматтың" құрамындағы өз орны үшін күреседі деп ойлаймын", - деді ҚФФ президенті. 

Естеріңізде болса Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының алғашқы екі турында 1 ұпай жинап, Словения, Норвегия, Аустриядан кейін соңғы төртінші орынға түсіп қалды. Станислав Черчесов жаттықтыратын команда бірінші турда Норвегиямен тең ойнап (0:0), сырт алаңда Словениядан ұтылды (3:0). 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×