ҚФФ Президенті Маңғыстау өңіріне іс-сапармен барды

17.08.2024, 08:45

ҚФФ Президенті Әділет Бәрменқұлов өңірлік футбол мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған бағдарламалар аясында республиканың аймақтарын аралауда.

ҚФФ Президенті Маңғыстау өңіріне іс-сапармен барды
Әділет Бәрменқұлов Маңғыстаулық әріптестерімен

Осы жолы Маңғыстау облысына ат басын бұрып, жергілікті футбол федерациясының қызметкерлерімен жүздесті. Кездесу барысында Әділет Назарбайұлы маңғыстаулық әріптестермен келелі әңгіме жүргізіп, ортақ мәселелер туралы пікір алмасты. ҚФФ Президенті Маңғыстау өңірінің футболын дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттап, алғысын айтты.

Сондай-ақ, футбол десе ішкен асын жерге қоятын жергілікті тұрғындардың еңбегі де елеусіз қалмады. Маңғыстаулық қоғам белсенділері де марапатталып, жиын барысында өздерінің ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×