Хаби Алонсо “Реал” бапкері қызметінен кетуі мүмкін

Корольдік клубтың ойыншылары испан маманының тактикасына сыни көзбен қарауда екен.

Хаби Алонсо “Реал” бапкері қызметінен кетуі мүмкін

Ла Лиганың "Атлетик" Бильбаомен болатын кездесуі Хаби Алонсо үшін шешуші болмақ. Егерде команда Примерадағы кезекті 3 ұпайынан қағылатын болса, футболшылар бірауыздан 44 жастағы бапкерді қызметтен кетуін талап етпек. Неге десеңіздер, Реал осыған дейін Ла Лиганың аутсайдерлері саналатын “Жирона”, “Вальекано” және “Эльчеге” қарсы кездесулерде күтпеген жүрде ұпай бөлісті. 

Еске салсақ, Хаби “Реал” командасын Карло Анчелоттиден кейін 2025 жылдың жазында тізгіндеген болатын. Оның тактикалық нұсқауымен мадристалар 25 ойын өткізіп, соның 18 жеңіп, 4 тең ойнап, қалған 3 жеңілді. 

Бапкерлік мансабында Алонсо “Реал” Мадридтің жастар, “Реал” Сосьедад және “Байер” клубтарында қызмет жасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×