"Реал" бас бапкері Хаби Алонсо "Қайратқа" қарсы өтетін тарихи матч алдында баспасөз мәслихатында сұхбат берді.
Ол "Атлетикоға" қарсы өткен дербиден кейінгі көңіл-күйді, команда тактикасын және Қазақстандық қарсыласқа деген көзқарасын бөлісті.
Атлетикоға қарсы дербиден кейін небәрі 45 сағат өткеніне қарамастан, Мадридтіктер Алматыда ойынға дайын.
"Маған жеңіс немесе жеңіліс маңызды емес. Маған қарқын, ритм маңызды. Түсіндіру қиын – бірақ жақсартатын нәрселер көп. Біз әр матчтан кейін талдау жасаймыз. Командада бар ойыншылармен үлкен мақсаттарға жете аламыз." – деді Алонсо.
Бапкер сұхбатта Джуд Беллингемнің алаңға қайта оралуына тоқталды:
"Джудтың қайта оралғаны біз үшін қуаныш. Арда дербиде артта ойнады, бірақ оның бұл позицияда ойнауы қате болып шықты. Біз динамика жағынан көп нәрсені қайта қарадық.” – деп түсіндірді ол.
Атлетикоға қарсы не жетіспегені туралы сұраққа бапкер қысқа қайырды:
"Өткені өтті. Ең бастысы – ертеңгі ойынға көңіл бөлу.” – деп нақты жауап берді Алонсо.
Қазақстандық клубқа қарсы тактикаға ерекше назар аударылған.
"Қайрат” тарапынан Селтикке қарсы ойынды көрдік, "Спортингке” қарсы ойынды да талдадық. Олар комбинация құра алады. Бастапқы минуттан қарқынды қосамыз.” – деді Мадридтіктердің бас бапкері.
Жеке ойыншыларға баға беру жайлы сұраққа Алонсо:
"Қарсыласты толық талдадық. Жеке тұлғалар бойынша да жақсы танимын. Бірақ нақты есім атағым келмейді.” – деп жауап берді.
Сөз соңында Алонсо командасының басты мақсатын атап өтті:
"Қандай қарсылас, қандай ел – бәрібір. Біз әрқашан жеңіске ойнаймыз. Бұл – "Реал Мадридтің" философиясы.” – деді ол.