
“Реал Мадридтің” бас бапкері Карло Анчелоттидің маусым айының соңынан кейін клубтағы болашағы белгісіз болып тұр. Анчелоттидің “Реалмен” келісімшарты 2025/26 маусымының соңына дейін жарамды, дегенмен Чемпиондар лигасындағы нәтиже оның қызметінен босатылуына алып келуі мүмкін.
Клуб президенті Флорентино Перес алдағы апталарда Анчелоттимен шешуші кездесу өткізбек. “Барселонамен” өтетін екі маңызды матч, оның ішінде Испания Кубогының финалы да бар, бапкерді орнында қалдыру шешіміне әсер етуі мүмкін.
Анчелотти бірнеше рет өзінің болашағын клуб шешетінін айтып келгенімен, оның кетуі жайлы қауесеттер толастар емес.
Перестің Анчелоттидің орнына қарастырып отырған басты үміткері — Хаби Алонсо. Бұрынғы “Ливерпуль” бапкері Юрген Клопп бұл қызметтен бас тартқан. Алонсоның қазіргі “Байер Леверкузенмен” келісімшарты да Анчелотти секілді 2026 жылға дейін жасалған.
“Байер Леверкузен” клубының бас директоры Фернандо Карро жуырда берген сұхбатында “Арсеналдың Реал Мадридті жеңуі” секілді жаңалықтардың оны алаңдатып отырғанын мойындады.
Бұл жағдай күннен-күнге қарқын алып келеді. Sky Sports және Diario AS басылымдарының хабарлауынша, Хаби Алонсоның агенті Инаки Ибаньес “Реал Мадридпен” алғашқы бейресми байланысқа шыққан. Алайда әзірге “Реал” тарапынан “Байерге” бапкерді маусымда сатып алуға ниетті екендігін көрсететін ресми ұсыныс түскен жоқ.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET