Нидерландтық маман Эрик тен Хаг жаңа маусым басталғанына бар-жоғы екі тур өткеннен кейін, «Байердің» бас бапкері қызметінен кетті.
Бұл Германия чемпионаты тарихындағы, маусым басындағы ең жылдам қызметтен босату рекорды болып отыр.
Тен Хаг 2025 жылдың мамырында тағайындалған еді. Ол Бундеслигада небәрі екі матч өткізіп, бір ғана ұпай жинай алды.
«Байердің» келесі ойыны жұма күні, 12 қыркүйекте, өз алаңында «Айнтрахтқа» қарсы өтеді.
Айта кетейік, Эрик тен Хаг бұған дейін «Манчестер Юнайтед» пен «Аяксты» жаттықтырған. Ол командаларымен ұлттық кубоктарды жеңіп алған болатын.