Хакан Чалханоглу - “Интер” клубының қазан айындағы ең үздік ойыншысы атанды

Қазан айында түрік жартылай қорғаушысы 5 матч өткізді.

Хакан Чалханоглу - “Интер” клубының қазан айындағы ең үздік ойыншысы атанды

Сол ойындарда Хакан "Интер" жейдесінде 4 гол соғып, нәтижелі ойынымен көзге түсті. Одан тағысы, Түркия құрамасы үшін өткізген 2 кездесуде де ол 4 голдық пас берді. Сол арқылы мансабындағы ең сәтті айлардың бірін тіркеді.  

Кристиан Киву командасының ең маңызды футболшысына айналған Чалханоглу осы маусымда клубтың турнирлерде 12 матч өткізіп, 7 гол мен 1 голдық пас берді.

Айта кетейік, 30 жастағы жартылай қорғаушы Чемпиондар Лигасының “Қайратқа” қарсы матчының 71 минутында Николо Барелланың орнына шыққан болатын. Ойында аз уақыт өнер көрсетсе де, Хакан “Интердің” үздіктері арасынан табыла білді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Интер Милан
Aladop Youtube
×