Халк Қазақстанға келе ме? Трансферлік келіссөздердің басты кедергісі белгілі болды

Бүгін, 17:14

"Ақтөбе" Бразилиялық жұлдыз Халкты өз қатарына қосу үшін белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Халк Қазақстанға келе ме? Трансферлік келіссөздердің басты кедергісі белгілі болды

Алайда, тараптар арасындағы қаржылық талаптар әзірге едәуір алшақ болып тұр.

Футболшының агенті бір жылдық жалақы ретінде 10 миллион доллар талап етіп отыр, бұл — Қазақстан футболы үшін бұрын-соңды болмаған рекордтық сома. Өз кезегінде, "Ақтөбе” басшылығы футболшыға жылына 3 миллион доллар төлеуге дайын екенін білдірді.

Қазіргі таңда келіссөздер жалғасуда, бірақ қаржы мәселесі басты кедергіге айналуы мүмкін.

39 жастағы шабуылшы қазіргі уақытта өз отанында, "Атлетико Минейро" клубында өнер көрсетеді. Ондағы жылдық табысы шамамен 1,8 миллион долларды құрайды. Демек, "Ақтөбенің” ұсынып отырған 3 миллион доллары оның қазіргі жалақысынан едәуір жоғары.

Халк — әлемдік футболдың жарық жұлдыздарының бірі болғанымен, қызық бір дерек бар: ол өз мансабында Еуропаның ТОП 5 лигасында (Англия, Испания, Италия, Германия, Франция) ешқашан доп теппеген. Соған қарамастан, ол Португалия, Ресей және Қытай чемпионаттарында өзін үздік қырларынан таныта білді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×