“Хан-Тәңірі” командасы голсыз сериясына нүкте қойды

Алматы ұжымының қарсылас қақпасынан саңылау таппағанына 2 айдан асқан.

“Хан-Тәңірі” командасы голсыз сериясына нүкте қойды

Кеше “Хан-Тәңірі” “Тараз” командасымен болған ойынның 70 минутында 18 нөмірдегі Мұхаметәлінің көмегімен 8 матчқа созылған голсыз сериясына нүкте қойды. Алаң қонақтары голдың мәселесін шешкенімен, жеңістің жобасын қарастыра алмады. “Тараз” командасы ойынның соңына дейін қарсыласты қыспаққа алып, өз діттегеніне жетті (2:1).

Бұған дейін Богатырев шәкірттері “Оңтүстік”, “Жетісай”, AKAS, “Шахтер”, “Қайрат 2”, “Екібастұз”, “Ертіс” және “Алтай” клубтарына гол соға алмай кеткен болатын. Және аталған барлық матчтарда ұпай жоғалтты. 

Бірінші лиганың 19-тур қорытындысы бойынша 14 ұпай жинаған “Хан-Тәңірі” чемпионатта 12 орында келеді. Келесі турда команда SD Family ұжымын 10:0 есебімен жеңген “Каспиді” қонақ қылады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×