Бүгін ғана “Екібастұзға” қарсы матч өткізген Диас Төлеу өзін жайсыз сезінген екен.
Алматыда өткен ойын 4:0 есебімен алаң иелері “Хан-Тәңірі” клубының жеңісімен аяқталды.
Алайда, ең қорқыныштысы ойынның 64 минутында тіркелді. Өзін жайсыз сезініп, алаңға қулаған “Хан-Тәңірі” футболшысы Диас Төлеу жедел жәрдеммен бірге ауруханаға жеткізілді. Онда жан сақтау бөліміне жатқызылған футболшы тіл тартпастан, дүниеден озды.
Жасы небәрі 19-дағы футболшы “Хан-Тәңірі” академиясының түлегі болатын. Алматылық команда жүйесінде ол жалпы алғанда 44 матч өткізіп, 3 гол соқты.
Aladop.kz порталының ұжымы шабуылшы Диас Төлеудің жақын-туыстары мен отбасына көңіл айтады!