Харри Кейн кәсіби мансабындағы кезекті бір маңызды межені бағындырды. “Бавария” шабуылшысы “Боруссия Дортмундқа” қарсы ойында гол соғып, клубтық футболдағы 400-голына қол жеткізді. (1-тайм аяқталды: "Бавария" 1:0 "Боруссия")
Бұл жетістік Ағылшын жұлдызының ұзақ жылдар бойғы тұрақтылығы мен нәтижелілігінің айқын дәлелі. Кейннің клуб деңгейіндегі 400-голы оның “Тоттенхэм”, “Миллуолл”, “Лейтон Ориент”, “Лестер Сити” және “Бавария” сапында соққан барлық доптарын қамтиды.
Айта кетейік, Кейн бұған дейін, 2024 жылдың сәуірінде, “Айнтрахтқа” қарсы кездесуде дубль жасап, жалпы кәсіби (ұлттық және клубтық) деңгейде 400-голдан асқан болатын.