Шотландиялық "Хартс" клубының бапкері Дерек Макиннес Қазақстандық вингер Ислам Чесноковтың қазіргі жағдайы мен командадағы орны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жанкүйерлерді Исламның жаңа клубындағы алғашқы минуттарынан бастап негізгі құрамда қашан көрінетіні қызықтырған еді.
Алайда, бас бапкер Исламның әлі де бейімделу кезеңінен өтіп жатқанын алға тартты. Оның айтуынша, футболшыға толық бабына келу үшін біраз уақыт қажет.
"Ол әлі негізгі құрамда шығуға дайын емес. Бірақ осы аптада біз оның толыққанды жаттығу жұмыстарына қатысуына бірнеше күн арнай аламыз." — деді Макиннес.