«Хартстың» бас бапкері Ислам Чесноков туралы: Ол өте талантты футболшы

07.01.2026, 12:01

«Хартстың» бас бапкері Дерек Маккинес команда сапын толықтырған қазақстандық футболшы Ислам Чесноков туралы ойын айтты.

«Хартстың» бас бапкері Ислам Чесноков туралы: Ол өте талантты футболшы
Ислам Чесноков

Естеріңізге сала кетейік, 26 жастағы жартылай қорғаушы ресми түрде шотландиялық клуб ойыншысы атанып, жақын күндері дебюттік кездесуіне қатыспақ.

«Исламның осында келгеніне өте қуаныштымын. Ол енді «Хартстың» ойыншысы және ойнауға толық дайын. Исламды бұрыннан қатарымызға қосқымыз келген еді, бірақ кейде мұндай процестер ұзақ уақыт алады. Бірақ мен, клуб және Исламның арасында үнемі байланыс болды. Ешқандай дүрбелең болған жоқ, бұл трансфердің жүзеге асуына үлес қосқан барлық тараптар үлкен мақтауға лайық. Ол — өте талантты футболшы әрі жақсы жігіт. Біз оның келіп, командаға пайдасын тигізетініне сенеміз. Қазір бәрі жақсы, Исламның «Хартста» жақсы ойнап кетуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді Д. Маккинес шотландиялық клубтың баспасөз-қызметіне берген сұхбатында.

Ислам Чесноков «Тобылдан» ауысып барды. Жаңа клубымен 2028-жылға дейін келісімшартқа отырды. «Хартста» отандасымыз 99-нөмірдегі жейдеде өнер көрсетпек. Эдинбург қаласының ұжымы Шотландия премьер-лигасында 20 турдан кейін жеке дара көш бастауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×