Хави: "Наполимен" басқаша ойнаймыз

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
09.03.2024, 12:16

"Барселонаның" бас бапкері Хави Эрнандес "Наполимен" өтетін ЧЛ-ның 1/8 финалындағы қарымта кездесу алдында өз ойын айтты. 

 

Хави: "Наполимен" басқаша ойнаймыз

Хави кеше испан Ла Лигасының 28-ші туры аясында "Мальоркамен" болған бәсекеден кейін (1:0) баспасөз-мәслихатында командасының еурокубоктегі жағдайы туралы пікірін ортаға салды. "Сейсенбіде мүлде басқа ойын болады." Наполи" "Мальоркадай" бес қорғаушымен шықпайды. Бұл екі команданы салыстырған дұрыс емес. Бұл мүлде басқа деңгей. Десе де, біз қазір бәсекелестікке төтеп бере алатын ойын өрнегін көрсетіп жүрміз. "Барселона" сейсенбіге дайын. Команда бабында, бізде бәрі жақсы. Құрамның үйлесімдігі тұрғысында тепе-теңдік бар. Ал Чемпиондар лигасында жіберген әр голыңның құны қымбат болады"- деген Хави командасына көңілі толатынын жасырған жоқ. 

Естеріңізде болса, қос команданың бірінші бәсекесі тең аяқталған. Неапольдегі ойынның нәтижесі 1:1.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×