2001 жылы "Спартак" сапында Ресей чемпионы атанған және Өзбекстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Жафар Ирисметов 2026 жылғы Әлем Чемпионатының жеребесіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Өзбекстан құрамасы К тобына Португалия және Колумбиямен бірге түсті. Төртінші команда көктемде өтетін плей-офф матчтарынан кейін белгілі болады.
Ирисметов топтық кезеңнің нәтижесі туралы:
"Бізге өте жақсы топ кездесті. Өзбекстаннан, әрине, жанкүйерлер көп болады. Мен барамын ба, жоқ па – білмеймін. Егер виза берсе, ұшып барамын. Олай болмаса, үйде отырып көремін.
Қиын болады, бірақ Өзбекстандықтардың әр қарсыласпен жақсы ойнауға толықтай күші жетеді деп ойлаймын. Сондықтан, топтан шығуға мүмкіндік бар деп есептеймін. Бізде қазір өзбек футболы тарихындағы ең мықты құрамалардың бірі, сондықтан жігіттер топтан шыға алады."
Сөз соңында Ирисметов құраманың қорғаныс әлеуетіне, әсіресе "Манчестер Ситидің" қорғаушысы Абдукодир Хусановқа ерекше тоқталды:
"Әрине, қорғаныс. Бізде Абдуқодир Хусанов бар ғой, сондықтан ол Роналдумен тыныш қана айналысады.” – деді Ирисметов Metaratings.ru сайтына берген сұхбатында.