
Zamin.uz сайты "Манчестер Ситидің" негізгі құрамынан шығып қалған Өзбекстандық қорғаушы Абдуходир Хусановтың болашағына қатысты ақпаратпен бөлісті.
Ақпан айында Хусанов "Ситидің" үздік ойыншысы ретінде танылған болатын. Алайда, 30 наурыз күні Англия Кубогындағы "Борнмутқа” қарсы матчта үзілісте алмастырылғаннан кейін, ол алаңға қайта шықпады. Оған дейін ол Премьер лига, Англия Кубогы және Чемпиондар лигасында 9 матч өткізіп, бір гол соққан еді. Кейінірек құрамдағы орнын Нико О’Райлиге беріп, негізгі құрамнан тыс қалды.
Гвардиола бұған дейін Хусановты жиі мақтаса да, оның кенеттен алаңнан жоғалуы көпшілікті таңғалдырып отыр.
Испаниялық fichajes.net порталының мәліметінше, "Сити” басшылығы Хусановты тұрақты ойын тәжірибесіне ие болу үшін басқа клубқа уақытша жалға беруді жоспарлап отыр.
Хосеп Гвардиоланың өзі де бұл шешімді қолдайтынын жеткізіп, жалға беру арқылы Хусановтың Еуропа футболының ырғағына бейімделіп, жоғары деңгейде тәжірибе жинауына мүмкіндік туатынын атап өткен деседі.
Ойыншыға Англия Премьер лигасынан бөлек, Еуропаның басқа да топ чемпионаттарынан бірнеше клуб қызығушылық танытып отыр.
“Хусановты жалға беру – оның дамуы мен болашақта “Сити” қорғанысында маңызды рөл атқаруына жол ашады.” – деп пікір білдірді сарапшы Начо Эстрелла Домингес-Момпель.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET