Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турында Қызылордада өткен матчта жергілікті «Қайсар» петропавлдық «Қызылжармен» кездесті.
Ойынның басында-ақ алаң иелері есеп ашты. 3-минутта Өркен Маханның айып алаңына дәл берген пасын Никита Губарев голға айналдырды.
Кездесудің қалған бөлігінде екі команда да шабуылға ұмтылып, өзара өткір ойын көрсетті. Дегенмен, қызылордалықтар алғашқы минуттардағы басымдықты сақтап қала білді. Қорытынды есеп: 1:0.
Бұл жеңістен кейін «Қайсар» 17 ұпайға ие болып, турнирлік кестеде оныншы орынға көтерілді. Ал «Қызылжар» 19 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.
«Қайсар» — «Қызылжар» 1:0 (1:0)
Гол: Губарев 3 (1:0)
Қызыл қағаз: Төлегенов («Қайсар»), 88-минут.