Килиан кетемін дейді

16.02.2024, 18:26

Франция ұлттық құрамасының көшбасшысы Килиан Мбаппе “ПСЖ” басшылығына командада қалмаймын деп ескертіпті, деп жазады Аладоп.кз.

Килиан кетемін дейді

Футболшы мен француздық ұжымның басшылығы клубтың спорттық базасында кездесіп, Килианның алдағы тағдырына байланысты ақылдасқан екен. Шабуылшының өзі болса, маусым аяқталысымен командадан кететін болыпты.

Мбаппе “ПСЖ” командасында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Париждік команда сапында ол Франция елінің 5-дүркін чемпионы атанды.

Айта кететіні, Килианның трансферлік құны 180 млн еуроны құрайды. Француз Эрлинг Холанд пен Джуд Беллингем сынды жарық жұлдыздармен әлемдегі ең қымбат футболшылар қатарын түйіндеп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×