Килиан Мбаппе әлі ресми түрде қызметінен кетпеген Томас Тухельмен қоштасты

25.12.2020, 21:38
Тухельдің жұмыстан кеткені ресми түрде расталған жоқ.
Килиан Мбаппе әлі ресми түрде қызметінен кетпеген Томас Тухельмен қоштасты

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе клубтың бас бапкер Томас Тухелді қызметінен босатқанын растады. Футболшы өзінің Instagram парақшасында неміс жаттықтырушысына алғыс білдірді.

"Өкінішке орай, бұл футбол заңы, бірақ бұл жерде сіздің жұмысыңызды ешкім ұмытпайды. Сіз клуб тарихындағы маңызды парақтың авторы атандыңыз. Бапкер, сізге алғысым шексіз", - деп жазды Мбаппе.

Бұған дейін L'Equipe Тухельдің жұмыстан босатылатындығын жариялаған болатын. Оның орнына Маурисио Почеттино келеді деп күтілуде.

Неміс маманы ПСЖ-ны 2018 жылдан бері жаттықтырып келеді. Оның басшылығымен париждік клуб екі рет Франция чемпионы атанды, Франция Кубогын, Лига Кубогын, және екі ел Суперкубогын жеңіп алды. Өткен маусымда команда Чемпиондар Лигасының финалына дейін жетіп, онда "Бавариядан" жеңіліп қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×