Килиан Мбаппе: «Ең бастысы іріктеу кезеңінен өту болды»

14.11.2021, 16:14
Килиан кешегі ойында Франция құрамасындағы алғашқы хет-тригін жасады.
Килиан Мбаппе: «Ең бастысы іріктеу кезеңінен өту болды»

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстамен болған ойынға (8:0) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды УЕФА-ның ресми сайты:

- Ең бастысы іріктеу кезеңінен өту болды. Біз өз атағымызды қорғауға мүмкіндік алғымыз келді. Тіпті сол кезде ойнап, жеңіске жеткендер үшін де әлем чемпионатында өнер көрсету арман болып табылады. Бұл жанкүйерлерге де, бізге де ұнады. Біз ойынды және қарсыластарымызды құрметтедік. Сондықтан соңына дейін ойнауды жөн көрдік.

Жұма күні жаттығуда баспен гол соқтым. Бапкер менің жолым болғанын айтты. Иә, мен баспен керемет ойнамаймын, бірақ биыл мен бұл жағынан шеберлігімді арттырдым және өзім қалаған деңгейге жақындай бастадым. Мен көбірек гол соғу үшін жұмыс істеймін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×