ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе жақын арада «Реалға» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Marca басылымы.
Дереккөздің мәліметінше, тараптар қазір белсенді түрде келіссөздер жүргізуде. 18 наурызға дейін барлық мәселелер шешіледі деп күтілуде. Бірақ мадридтік клуб шабуылшының ауысқанын тек маусым соңында жариялайды.
Мбаппенің «Реал Мадридтегі» жылдық жалақысы 25 миллион еуроны құрамақ. Сондай-ақ келісім-шарт жасақаны үшін 60-80 миллион еуро көлемінде бонус алады деген ақпарат бар.
Еске салайық, Килиан 2017 жылдан бері ПСЖ сапында өнер көрсетуде. Шабуылшының клубпен қазіргі келісім-шарты 2022 жылдың соңында аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET