Килиан Мбаппе: «Кез келген француз баласының кумирі Зидан болса таң қалмаңыз»

21.01.2020, 18:35
Килиан Мбаппе: «Кез келген француз баласының кумирі Зидан болса таң қалмаңыз»

ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе бала кездегі кумирі кімдер болғанын айтты деп хабарлайды Mundo Deportivo.

Бала кезімде мен еліктеген футболшылар көп болатын. Жас кезімде Зиданды қатты жақсы көрдім. Егер сен француз баласы болса, кумирің Зидан болуы қалыпты жайт. Сонымен қоса, маған Роналдо да ұнайтын. Реті түсіп кездесе алғаным қандай жақсы. Жалпы бразилиялық ойын мәнері өзіме жақын»,-дейді футболшы.

Мбаппе «Монако» футбол мектебінің түлегі. 2017 жылдан бері Париж ұжымында өнер көрсетеді. Биылғы маусымда Франция біріншілігінде 14 ойынға қатысып, 13 гол салған және 5 нәтижелі пас берген. Келісім-шарты 2022 жылға дейін жарамды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×