Килиан Мбаппе ПСЖ-дан кететінін хабарлады

27.08.2021, 16:14
Кеше «Реал Мадрид» екінші ұсынысын жасады. Бұл жолы алдыңғы сомаға 20 миллион еуро қосты.
Килиан Мбаппе ПСЖ-дан кететінін хабарлады

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе "Реалға" ауысуы мүмкін. Cuatro порталының хабарлауынша, француз футболшысы командаластарына клубтан кететінін айтқан және ПСЖ ойыншыларымен қоштасып үлгерген.

Форвардтың трансфері екі күн ішінде ресми түрде жарияланады деп болжануда. Сонымен қатар Marca басылымы "Реал" мен ПСЖ-ның трансфер туралы келіскенін хабарлайды.

Атақты инсайдер Фабрицио Романоның хабарлауынша, "Реал Мадрид" күні кеше ПСЖ-ға жалпы құны 170 + 10 миллион еуроны құрайтын ұсыныс жасаған. Бұған дейін мадридтік клуб ойыншы үшін 160 миллион еуро ұсынған еді, бірақ ПСЖ бұл ұсынысты қабылдамады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×