Қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін бұл маусым нағыз мереке. Чемпиондар лигасының биылғы жеребесі Қазақстандық футбол тарихындағы ең есте қаларлық сәттердің біріне айналды. Өйткені Еуропаның даңқты алыптары "Реал Мадрид", "Интер Милан" және "Арсенал" "Қайратпен" ойнайды.
Алматыда өтетін матчта әлемдегі ең атақты клуб, Чемпиондар лигасын ең көп рет жеңіп алған "Реал Мадрид” Алматыда “Орталық” стадионда, "Қайратқа" қарсы алаңға шығады. Дәл сол күні "Қайрат” жанкүйерлерінің жүрегі дүрсілдеп, "Сантьяго Бернабеудың” жұлдыздары қазақ жерінде өнер көрсетпек.
Қуаныш тек осымен шектелмейді. "Қайрат” жанкүйерлері өз командаларын Миландағы әйгілі "Сан-Сиро" стадионында "Интерге" қарсы, ал Лондонда "Эмирейтс” аренасында "Арсеналға” қарсы қолдайтын болады.
"Қайрат” еуропалық футболдың ең биік шыңында өнер көрсетіп, өз елінің намысын қорғап шықпақ. Әр матч тарих, әр ойын жаңа аңыз.
Бұл Қазақстан футболының жаңа дәуірінің бастауы.
Алға Қайрат! Алға Қазақстан!