Килиан Мбаппенің клубы Францияның үшінші лигасына құлады

20.04.2025, 17:00

Килиан Мбаппе негізгі акционері болып саналатын "Кан" футбол клубы Лига 2-ден түсіп қалды.

Килиан Мбаппенің клубы Францияның үшінші лигасына құлады

Клуб Лига 2-нің 31-турында өз алаңында "Мартиг” командасынан 0:3 есебімен ойсырай жеңілді. Осы матчтан кейін "Канның" қоржынында бар болғаны 21 ұпай. Қалған үш турда клубтың лигада қалуға математикалық тұрғыда мүмкіндігі жоқ.

Қазіргі таңда "Кан" кестеде 18-орында яғни соңғы орында тұр және 17-орыннан жоғары көтеріле алмайды. Осылайша клуб Францияның үшінші деңгейлі дивизионы — "Насьональ” лигасына түсіп қалды. Бұл жағдай клуб тарихында 41 жылдан кейін алғаш рет орын алды.

Килиан Мбаппе 2024 жылдың жазында "Кан” клубының 80% акциясын сатып алған болатын. Келісімшарт сомасы шамамен 20 миллион еуроға бағаланған.

Айта кетейік, Мбаппе бала кезінде бірнеше турнирде дәл осы "Кан” сапында ойнаған, бірақ кәсіби мансабын "Монако” клубында бастаған.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×