Килиан Мбаппенің анасы – Файза Ламари ұлының жеке өміріне қатысты пікір білдірді.
Ол әйгілі футболшының бар назарын тек спортқа арнағанын және бұл — өз шешімі екенін айтты.
"Килианның спорттан тыс жеке өмірі жоқ, бірақ бұл оның өз таңдауы. Мен әрқашан оның мансабын және адам ретінде қалыптасуын бөлек қарастырамын. Мені ең қатты таңқалдыратыны – оның маусымдық жоспарлаудағы дәлдігі және жеңіс пен жеңілісті сабырмен қабылдай білуі.” – деді Ламари Le Parisien басылымына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, өткен жылы ол ұлынан: “Үйленгің келмей ме?" – деп сұраған. Ал Килиан бұған әзіл мен шындық аралас жауап берген:
"Анашым, менің бұл қарбалас өміріме қандай әйел төзе алады деп ойлайсың?" – деген екен.
Биылғы маусымда Килиан Мбаппе "Реал" сапында 10 матчта 14 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
Қыркүйек айында ол Ла Лигадағы айдың үздік ойыншысы атанды.