26 жастағы шабуылшы Криштиану Роналдудың рекордын бұзады деп күтілуде.
Килиан Мбаппе Крироның 2013 жылғы бір маусымдағы 59 голдық көрсеткішін бұзуға жақын қалды. Француз бүгінде 56 гол соқты. Футболшы егерде “Реалдың” “Талавера” мен “Севильяға” қарсы кездесулерінде дубль жасаса, онда клубтың абсолютты рекорсмені атанады.
Қазірде 26 жастағы шабуылшы Ла Лигада 17 ойында 17 гол соғып, чемпионаттың сұрмергендері тізімінде көш бастап тұр. Француздан кейін 11 голмен “Барса” футболшысы Ферран Торрес келеді.
Еске салсақ, Килиан Реал клубында 2024/25 жылғы маусымнан бері өнер көрсетіп келеді. Ол “ПСЖ” клубынан корольдік ұжымға еркін агент ретінде ауысып келген болатын.
Трансфермаркет порталы Мбаппені 200 млн еуроға бағалайды.