Кімнің бағасы шарықтады? 2025 жылдың қорытындысы бойынша ең қымбат қазақстандық футболшылар анықталды

08.01.2026, 19:35

Transfermarkt порталы 2025 жылды қорытындылап, Посткеңестік елдер арасында нарықтық құны ең жылдам өскен футболшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Кімнің бағасы шарықтады? 2025 жылдың қорытындысы бойынша ең қымбат қазақстандық футболшылар анықталды

Бағасы ең жылдам өскен ТОП-3 ойыншы:

1. Ғалымжан Кенжебек – Жылдың нағыз сенсациясы. Оның құны бір жылда 166,7%-ға артып, 375 мың еуродан 600 мың еуроға бір-ақ секірді.

2. Максим Самородов – Ресейдің “Ахмат” клубындағы сәтті ойынының арқасында бағасы 108,3%-ға өсті. Қазір оның нарықтық құны — 2,5 миллион еуро.

3. Әділбек Жұмаханов – “Елімай” сапында көзге түскен қорғаушының бағасы 71,4%-ға артып, 600 мың еуроны құрады.

Қазақстанның ең қымбат футболшылары (2025 жылдың соңындағы көрсеткіш):

• Дастан Сәтпаев (“Қайрат”) – 3,0 млн еуро. 17 жасар талант бүкіл Қазақстан бойынша ең қымбат ойыншы мәртебесіне ие болды. Ол Бахтиер Зайнутдинов пен Нұралы Әліпті басып озды.

• Бахтиер Зайнутдинов (“Динамо Мәскеу”) – 2,8 млн еуро.

• Нұралы Әліп (“Зенит”) және Максим Самородов (“Ахмат”) – екеуі де 2,5 млн еуроғабағаланған.

• Ислам Чесноков (“Хартс”) – 1,2 млн еуро. Оның бағасы жыл басынан бері 50%-ға өскен.

• Александр Зуев (“Тобыл”) – 700 мың еуро.

• Дамир Қасаболат (“Қайрат”), Стас Покатилов (“Сабах”), Артур Шушеначев (“Ақтөбе”) – бұл футболшылардың әрқайсысы 600 мың еуроға бағаланып отыр.

Бұл көрсеткіштер қазақ футболында жаңа буынның алдыңғы қатарға шыққанын көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×