Кимнің бағы “Баварияда” жанбады

21.04.2025, 13:00

Оңтүстік Кореялық қорғаушы Ким Мин-Жэ осы жазда “Бавариядан" кетуі мүмкін. Бұл туралы бірнеше беделді БАҚ-тар мен трансферлік инсайдерлер хабарлады.

Кимнің бағы “Баварияда” жанбады

Ким Мин-Жэ 2023 жылдың жазында “Наполи” клубынан 50 миллион еуро көлемінде трансфермен Мюнхеннің “Бавариясына” ауысқан болатын. Ол бастапқыда негізгі құрамда ойнағанымен, кейінгі кезеңде тұрақты ойыннан айырылып, орындықта жиі қалатын болды. Сонымен қатар, клубтың қорғаныстағы қиындықтары мен тактикалық өзгерістер де оның болашағына әсер етуде.

Ким Мин-Жэге қызығушылық танытып отырған клубтар қатарында “Манчестер Юнайтед”, “Челси”, “Ньюкасл Юнайтед” және бұрынғы клубы “Наполи” бар.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×