«Кімнің қайда тебетінін бөтелкеме жазып алғам». Украина қақпашысы Швециямен болған ойын жайлы айтты

30.06.2021, 20:20
Георгий Бущан пенальтиге дайын болған, алайда жігіттердің оған дейін жеңе алатынына сенген
«Кімнің қайда тебетінін бөтелкеме жазып алғам». Украина қақпашысы Швециямен болған ойын жайлы айтты

Футболдан Украина құрамасының қақпашысы Георгий Бущан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіндегі Швециямен болған матчтан (2:1) кейінгі әсерімен бөлісті.

– Ойынның алдында украиналық футболшылар Австриямен болған ойын нәтижесі салдарынан қобалжулы көрінді. Жеңістен соң иықтан ауыр жүк түскендей болды ма?

– Бұл қысымды біз өзіміз ойлап таптық. Жанкүйерлердің қолдауын сезінгендіктен, жеңіс үшін барымызды беруге дайын болдық.

– Алғашқы әсеріңіз қалай? Еліңіз үшін мақтанасыз ба? Эмоцияңызбен бөліссеңіз.

– 9 айдан соң елімізде бала туу көрсеткіші артса екен деймін.

– Пенальти сериясына іштей дайын болдыңыз ба?

– Командамның аяғына дейін қысым көрсететініне сендім. Бірақ менің бір құпиям бар – бөтелкемнің сыртына Швеция құрамасының ойыншылар тізімін жазып алғам. Олардың нөмірлері мен қай бұрышқа тебетіндіктерін түртіп қойған болатынмын.

– Швециялық ойыншылар қақпа бағанасы мен маңдайшасына доптардың тигенін тілге тиек етті. Украинаның жолы болып кетті ме?

– Қақпа бағанасына біз де тигіздік. Ольсеннің қақпасы маңайында біз де қауіпті сәттер жасадық, дегенмен оларды голға айналдыра алмадық. Біз ойынды бақылауда ұстадық және аз қателік жібердік.

Наурызбай Сатжанов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×